2025 жылдан бастап онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылдан бастап онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі

28.10.2024

Келесі жылдан бастап микронесие рәсімдеу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі. Яғни, бет-жүзін жеке куәліктегі бейнесімен сәйкестендіру қажет. Сондай-ақ мобильді құралдың көмегімен цифрлық қолтаңбасы сұралады.

Құпия сөзді енгізу жүйесі де біршама қиындайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, алаяқтыққа жол бермейміз деп отыр.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу