Астанада «Қазанат» ипподромы маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Ақмола облысы 300 тоннадан астам өнім әкелген. Өңірдегі 100-ден аса тауар өндіруші ет және ет өнімдері, жұмыртқа, сары май, ірімшік, құрт, қаймақ сынды сүт өнімдерін саудаға шығарды. Жәрмеңкеде дәнді дақылдардың да сан алуаны сатылып жатыр. Мұндағы тауар бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.
Ырысжан Жолдаңғарқызы, шаруашылық иесі:
Май, ет, қаймақ, жент, құрт, қазы, айран секілді барлық өнімді ауылдан әкелдік. Астаналықтарға көп рахмет. Жақсы алып жатыр.