Грузияда бүгін парламенттік сайлау өтіп жатыр. Онда бас-аяғы 18 партия бақ сынайды. Дегенмен биліктегі «Грузин арманы» жеңіске жетеді деген болжам бар. Сонымен қатар төрт блоктан тұратын батысшыл оппозиция да басым түсіп, елді Еуропа одағына мүше етуден үмітті.
Грузия осы одаққа кандидаттық мәртебесіне былтыр желтоқсанда ие болды. Сауалнама қорытындыларына қарағанда, жергілікті халықтың 70-80 пайызы республиканың еуропалық болашағын қолдап отыр.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Грузияда таңертең 3 мыңдай сайлау бөлімшесі ашылды. Ал дауыс беру құқығына ие азаматтар саны 3 жарым миллионға жуықтайды.