Грузияда наразылық шерулері басылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда наразылық шерулері басылмай тұр

28.11.2019

Грузия астанасы Тбилисиде демонстранттар парламент маңындағы жолдарға қайта жиналып жатыр. Сондықтан бүгін қызметкерлер мен депутаттар ішке кіре алмады. Ал полицейлер шерушілерді ғимаратқа жолатпау үшін ғимарат айналасына қоршау тұрғызды. 

Грузияда қарсылық акциялары екі апта бұрын басталды. Оған қатысушылар келесі жылға жоспарланған парламенттік сайлауды пропорционалдық жүйемен өткізуді талап етіп жатыр. Оппозицияның ойынша, халық ескі тәртіппен дауыс беретін болса, биліктегі «Грузин арманы» партиясы қайтадан жеңіске жетуі мүмкін. Алайда сайлау туралы заңды тек 2024 жылы өзгерту көзделіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу