Республика күні - Егемендік бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күні - Егемендік бастауы

25.10.2024

Халқымыздың еркіндігі мен бостандығының кепілі болған ұлттық мерекені Шымкент қаласының жұртшылығы да ерекше тойлады. «Азаттықтың ақ таңы» атты салтанатты шара аясында шаһарда жүзге тарта мәдени-патриоттық шара өтіп, мемлекетіміздің дамуына айырықша үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Шымкент - бүгінде еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан аймақ саналады. Мегаполисте кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың арқасында биыл 928 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1 пайыз көп. Алдағы үш жылда оның көлемі 3,6 триллион теңге жетпек.

Ғабит Сыздықбеков - қала әкімі:

 Қазіргі таңда 2028 жылы жүзеге астаны 220 жоба дайындалған. Сол жобалар арқылы 29 маң жаңа жұмыс орны ашылады. Ол жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне айтарлықтай оң ықпалын тигізеді.

Салтанатты жиында кәсіби міндеттерін адалдық танытып, қоғамның, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтар түрлі мемлекеттік наградалар, алғыс хат және грамоталармен марапатталды.

Икрамжан Хашимжанов - қала тұрғыны:

Еліне, халыққа адал қызмет етіп сол еңбектің жемісін көріп отырған азаматтардың көзіндегі қуанышты көріп отырмыз. Соныдықтан да осы үлгілі азаматтарға қарап, біздің азаматтармыз еліне адал қызмет етеді деген ойдамын.

Тәуелсіздік бүгінгі таңда елдің тұтастығынына негізі болып отыр. Әсіресе нығайып келе жатқан заң үстемдігі мегаполис халқының бойында келешекке, қоғамның дамуына деген берік сенім орнатты. Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу