Қазіргі цифрлық технологияның дамып, жасанды интеллектінің өмірімізге енуіне байланысты ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиеге мән берген жөн. Бұл – Қазақстанды ғана емес, жаһан жұртын алаңдататын мәселе. Алматыда бас қосқан әлеуметтанушылар осылай дейді. «Қазіргі әлемдегі бірегейлік мәселелері: әлеуметтанудағы өлшемдер» деп аталған конгреске түркітілдес елдерден жетекші ғалымдар мен сарапшылар жиналды.
Мамандар әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салалары арасында деректермен, әдістермен және теориялармен алмасу мақсатында пікір алмасты. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің саналуан жолдарын, әлеуметтік зерттеулердің жаңа идеяларын ұсынды. «Бұл алаң – кәсіби мамандардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасатын, ең озық жобаларын талқылайтын жиын», деді конгреске қатысушылар.
Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтану ғылымдарының докторы:
Әлеуметтану ғылымы да бір орында тұрған жоқ. Бізде қазір цифрлы әлеуметтану деген ұғым бар, адамның цифрлы ортада қалған таңбалары деген де нәрсе бар. Сол таңбаларды зерттеу арқылы біз көре аламыз қандай орта оған жақын болғанын, қалай өз-өзін бағалайды, оған да жаңа бір құралдар қолдану керек.
Жазира Оразқызы