Жастар арасында тәрбие жұмыстарын күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар арасында тәрбие жұмыстарын күшейту керек

30.09.2020

Қазақстан коммунистік халық партиясының Атырау облыстық филиалы қоғамдағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Басқосуға құқық қорғау органдары мен әкімдіктен арнайы өкілдер қатысты. Жиында жастар арасындағы қылмыс мәселесі қозғалды. Мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау үшін оқу орындарында жан-жақты тәрбие жұмыстарын күшейту керегін айтады. Талқылауда көтерілген ұтымды ұсыныстар партияның күн тәртібіндегі негізгі жоспарына енгізілді.   

Болат Қожиев, Атырау мемлекеттік университетінің профессоры:
Билік жанындағы көптеген азаматтар ұсталып жатыр. Бұл да қоғамдағы өте өзекті мәселе. Сондықтан осыны болдырмау жөнінде қандай жұмыс жасауымыз керек. Қандай ұсыныс беруіміз керек мемлекеттік органдарға. Осы жөнінде дөңгелек үстелге қатысқан азаматтар өз ой-пікірлерін жақсы айтты.

Жандос Темірғали

жастар тәрбиесі қылмыс Атырау Қазақстан коммунистік халық партиясы

Хабарламаларға жазылу