Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

23.10.2024

Ұлттық мереке – Республика күні алдында Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова, Орал қаласының мектеп мұғалімі Эльмара Раисова «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алса, тағы бірқатары «Отан» орденін кеудесіне тақты. Жоғары марапат олардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Жалпы биыл мемлекеттік наградаларды тағайындау кезінде қарапайым еңбек адамдарына екпін берілген. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Теміржолшы, диқан, дәрігер және ұстаздық жолын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан әулеттер де сый-құрметке бөленді.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

Бұл ғылымға деген, ғалымдарға деген көзқарасының белгісі. Ғалымдарға деген құрметі. Мен бұны солай деп қабылдадым. Мен бұны абырой деп есептеймін. Жауапкершілік деп есептеймін. Енді біз қарқынды жұмыс істеуіміз керек.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу