Бүгінге ауа райы болжамы: Тұман, көктайғақ, боран болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінге ауа райы болжамы: Тұман, көктайғақ, боран болады

23.10.2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. «Қазгидромет» ұсынған болжам бойынша, солтүстік облыстарда жаңбырмен қатар қар да түсуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ, барлық аймақтарда тұман тұрып, жел күшейеді. Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу