Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді

28.10.2014
Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді

Қазақстан территориясының көп бөлігінде бүгін фронтальды ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар сақталып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте - тұман, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде боран болады, ал Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу