Арманым – әлемдік беделді байқауларда топ жару. Бірнеше халықаралық додалардың жеңімпазы алматылық тромбоншы Нұртас Қалтаев осылай дейді.
Нұртас Қалтаев музыкамен бірінші сыныптан бастап айналысады. Ұстазы Қанат Ахметов шәкіртінің қабілетін байқап, тромбон аспабына ауысуға ұсыныс тастаған. Содан бері 7 жыл ішінде осы аспаптың қыр-сырын меңгеріп үлгерген. Одан бөлек фортепиано, флейта және кларнетте ойнайды. Өнерпаз мектепте оқып жүрген кезінен-ақ республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, топ жарған. Соңғы рет Бакуде өткен сайыста Гран-При иеленген. Қазір Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2-курс студенті.
Нұртас Қалтаев, халықаралық байқаулардың жеңімпазы:
Консерваторияны бітіргенше менде тағы 2-3 конкурсым бар. Ең мықты конкурстар деп айта аламын. Келесі жылы қараша айында Мәскеуде конкурс болады. Сол өте қиын конкурс. Соны ұтсам келесі конкурсқа өтемін. 4 курста болады ол. Әлем бойынша ең қиын конкурс болып саналады. Орын алармын деп тілеймін.
Қуан Нұрақын