Жамбыл облысында 332 лауазым иесі жөнделмеген жол мен істен шыққан бағдаршам үшін жауапқа тартылды. Арасында жол белгілерін талапқа сай орнатпағандар да бар. Жауаптылар темір жол өткелдерін де күтіп ұстамаған. 24 маманның салғырттығы салдарынан шойын жолда апатты жағдайлар тіркелген. Жалпы жол реттеудегі техникалық құралды бүлдіргені үшін 69 адам айыппұл арқалады.
Қателік жібергендер қатарында атқамінерлерден бөлек, «Қазавтожол» қызметкерлері де бар. Полиция департаменті жолға қатысты 12 мыңнан аса ақау анықтаған. Тәртіп сақшыларының тезге салуымен 1 300 жаңа жол белгісі орнатылды. Сондай-ақ, 11 мың шаршы метр аумақтағы ор-шұқырлар түгел жөнделген.
Данияр Әлімқұл