«Сonnected-2024» конференциясына жүзден астам сарапшы қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сonnected-2024» конференциясына жүзден астам сарапшы қатысуда

18.10.2024

Астанада өтіп жатқан «Сonnected-2024» халықаралық конференциясына әлемнің 20-дан астам елінен 1500-ге жуық делегат және 100-ден астам спикер қатысып жатыр. Келешектің бейнесін пайымдау мақсатында ұйымдастырылған шараның алғашқы күнінде адамның болашаққа саналы көзқарасы, биоцифрлы конвергенция, әлемді өзгертетін жаһандық қозғалыстар мен жасанды интеллект жайында сөз қозғалады.

Серік Жүнісов, ұйымдастырушы, конференцияның соавторы:

Қазір өмір өте тез өзгеріп келе жатыр, сол себепті жақын арада 10-15-20 жылды бағдарлау біз үшін өте маңызды болды. Сол себепті біз әлемнің осындай жарқын адамдарын, футурологтарды, ғалымдарды, саясаткерлерді, жазушыларды, барлығын жинап, осы әлемнің образын жасап шығарайық деген мақсатпен осы конференцияны жасадық.

Шараға келген негізгі спикерлердің қатарында тарихшы, футуролог, адамзаттың болашағы туралы бестселлерлер авторы Юваль Ной Харари, жасыл экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг және Оксфорд университетінің профессоры, «Жібек жолы. Әлемнің жаңа тарихы» бестселлерінің авторы Питер Франкопан да бар.

Питер Франкопан, тарихшы, жазушы, Оксфорд университетінің профессоры:

Әлемнің түпкір-түпкірінен келген спикерлердің басын қосып, осындай конференцияның өтуі маңызды. Тыңдармандардың талқыға қосылып отыруы да университетке барғандай сезім береді. Бұл іс-шара аудиторияға әлемнің мықты спикерлері мен ойшыларын тыңдауға мүмкіндік беріп отыр. Талқыда маңызды тақырыптар көп: геосаясат, елдер арасында текетірес, экономика, технология, климаттың өзгеруі. Жастардың болашақ туралы ойлауы өте өзекті.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу