«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Шымкенттегі Достық, Сәуле, Еламан шағын аудандары мен Астана аллеясы және Алматы тас жолының бойы қоқыстан тазартылды. Әкімдік қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен студенттер су жүретін арықтарды қураған жапырақтардан тазалап, шөптерді орды. Ағаштардың артық өскіндерін қырқып, сыпырып тазалады. Бұл жұмыстарға 200-ге тарта адам қатысты.
Мұхамедәлі Баубеков, қала тұрғыны:
Жаңа Қазақстанды өркендетіп, өсіретін, шеттен келетін қонақтарға өзімізді көрсетсек. Қарап отырмай аулаларымызды, айналамызды тазалап, акцияға өз үлесімізді қосайық.
Ғани Қалмаханов