Үкімет басшысы Мәжіліс депутатының балаларды 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын қабылдамады. Олжас Бектеновтің пікірінше, бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қауіп төндіретінін толық түсінбейді. «Бұл – балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді» деді. Премьер-министрдің жауабында «Әлемдік тәжірибе бойынша Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады» делінген.
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері балалар қылмысы 4,1% өскен. Жыл басынан бері 1263 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 50 фактіге көп.
Асылбек Данияр