Балаларға қарбыздың қабығын мәжбүрлеп жегізген ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға қарбыздың қабығын мәжбүрлеп жегізген ер адам ұсталды

03.07.2020

Екі баланы қорлап қарбыздың қабығын жегізген жігіт қолға түсті. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.

Бейнежазба былтыр тамыз айында түсірілген екен. Əлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптің ашуын туғызған жайттан балалардың ата-анасы да хабарсыз болып шықты. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары полицияға аталмыш құқықбұзушыны жауапкершілікке тарту үшін арыз беруге ниетті екендіктерін жеткізді.

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу