Президент Астанада салынған өрт сөндіру депосын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астанада салынған өрт сөндіру депосын аралады

17.10.2024

Мемлекет басшысы Астанада салынған заманауи модульді өрт сөндіру депосын аралап көрді. Тез құрастырылатын модульді материалдардан салынған өрт сөндіру депосы функционалдық тұрғыдан өте қолайлы. Ғимаратта жұмыс, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй де бар. Ал жабық аңғарға алты арнайы техника сыяды. Кешен аумағында қызметкерлерге арнап екі қабатты жатақхана да тұрғызылған.

Еркебұлан Оразбаев, Астана қаласы №23 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

20-тамыз кезінде осы бөлім қызметке кірісті. Жауынгерлік қызмет атқару барысында бүгінгі күнге дейін шамамен 200-ге жуық шығуларға шықтық. Оның ішінде 14 өртті сөндірдік. 50-ге жуық адамды эвакуацияладық.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу