Нұр-Сұлтанда коттедж өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда коттедж өртенді

30.10.2020
Нұр-Сұлтанда коттедж өртенді

Елордада коттедж өртенді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«30 қазан күні сағат 11:40-та елордалық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Темірқазық, 57 көшесінде жеке үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 11:41 минутта шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 4 бірлік техника мен жеке құрамның 19 адамы шықты. 11:47 минутта келген бойда екі қабатты коттедж мен оған жапсарлас салынған уақытша құрылыстың шатыры жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қызыл жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

өрт Нұр-Сұлтан елорда

Хабарламаларға жазылу