Нигерияда танкер аударылып, 147 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда танкер аударылып, 147 адам мерт болды

17.10.2024

Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында мұнай таситын танкер аударылды. Одан төгілген жанармайдан алапат жарылыс болып, 147 адам қаза тапқан. Мұны жергілікті төтенше жағдай қызметі хабарлап отыр.

Полицияның дерегінше, көлік Кано қаласынан солтүстіктегі Йобе штатына бара жатқанда апатқа ұшыраған. Тергеудің алдын ала қорытындысына қарағанда, машинаның аударылуына жүргізушінің Маджиа қаласының маңында рульге ие бола алмай қалуы себеп.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу