Қазгидромет: бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

16.10.2024

Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қазгидрометтің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республикамыздың басым бөлігінде жауын, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыс аймақтардағы таулы аудандарында жаңбыр, тіпті қар ұшқындауы мүмкін. Ал елдің орталығында қарлы боран күтіледі. Солтүстік-батыс мен солтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, үсік жүруі ықтимал. 

Хабарламаларға жазылу