Құрылыс компанияларына 12 пайыздық қосылған құн салығы енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс компанияларына 12 пайыздық қосылған құн салығы енгізілмек

15.10.2024

Келесі жылдан бастап құрылыс компанияларына 12 пайыз салық салынуы мүмкін. Бұл ұсыныс 2025 жылы қолданысқа енетін жаңа салық кодексінде жазылған. Қазір қоғам талқылап жатқан құнсалығы ұсынысы құжатқа енгізілсе, тұрғын үй бағасы қымбаттайма? Әріптесім Серік Жұмабек біліп көрді.

Құрылыс компанияларына 12 пайыздық қосылған құн салығы енгізілмек. Халық бұл ұсыныс заңға енсе баспана қымбаттап кете ме деп алаңдайды. Ал жауапты министрлік бұл жаңа норма емес, 2001 жылы елдегі тұрғын үй бағасын арзандату мақсатында құрылыс компанияларына берілген жеңілдікті алыптастау дейді.

Жазира Мыңбаева, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы:

2001 жылдан бері келе жатқан жеңілдікті құрылыс компаниялары өзінің кірістерін көбейтуге ғана пайдаланып келе жатыр. Халық одан ешқандай пайда көріп жатқан жоқ. Жаңа салынған тұрғынүйлер арзандап жатқан жоқ, екінші нарықтағы тұрғын үйлердің де бағасы арзандап жатқан жоқ. Сондықтан, бұл берілген жеңілдік тиімсіз болды.

Депутат Дәулет Мұқаев құн салығын қайта енгізу бюджет тапшылығын жою үшін жасалып отырғанын әрі бұл бастама пәтер бағасының өсуіне де әсер ететінін айтады. Еске салайық, аталған салық түрі ел бюджетінің шамамен 25-30 пайызын жауып отыр.

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Құрылыс компанияларына қосымша құн салығын көтерген жағдайда әрине ол бірінші кезекте үйдің бағасының өсіміне алып келетін нәрсе. Себебі, бұл ақшаны құрылыс компаниясы өз қалтасынан шығармайды ғой. Ол бәрібір қарапайым халықтың үй алатын азаматтардың қалтасына соғады.

Өзгеріс баспана бағасын 5-6 пайызға өсіруі мүмкін. Сондықтан, елдегі үлкенді-кішілі 1500 құрылыс компаниясының бәріне бірдей емес, олардың табыс көлеміне сай жеке-жеке салық мөлшерлемесін қарастыру керек дейді, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

Ол 12 пайызды құрылыс компаниясына қосса әрине баға өседі. Әрине кабинете отырып осындай прогноз жасау жеңіл. Ол үшін мына нарықта істеу керек. Олар ана 3-4 компанияны зерттеп алдыда олардың пайдалары көп сондықтан осы салықты енгізу керек деп басқа мекемелерге де заңды қабылдайын деп жатыр. Ол дұрыс емес.

Серік Жұмабек, тілші:

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров «Аталған норма заң жобасына енген жағдайда, қарапайым халыққа арналған жаңа тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады. Оның үстіне, баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты, оны нарық реттейді, баға өспейді»,-дейді. Әзірге қосылған құн салығын енгізу талқыланып жатыр. Жаңа Салық кодексі 2025 жылғы шілдеге дейін қабылданады.


Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу