Астанада жатақхана өртеніп, 5 адам зардап шекті. Оқиға Байқоңыр ауданындағы Тараз көшесінде болған. Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың шатыры мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатқан. Қызыл жалын ортасынан алты адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстарын жатақхананың жан-жағындағы автокөліктердің көптігі қиындатқан. Тілсіз жау 850 шаршы метр алаңға тараған. Өрт сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Самал Қабышева