Қазақстан мен Армения: тауар айналым 53 млн доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Армения: тауар айналым 53 млн доллардан асты

15.10.2024

Бүгін Армения Президенті Ваагн Хачатурянның Қазақстанға ресми сапары басталады деп күтіледі. Сапар аясында жоғары деңгейдегі бірқатар келіссөз жүргізілмек. Әсіресе, саяси, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық бағытта жаңа бетбұрыс болуы мүмкін.

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 53 млн доллардан асты. 2022 жылы бұл көрсеткіш 10 млн долларға төмен болған. Жалпы тауар айналымының 33 млн доллардан астамы Қазақстан экспортына тиесілі. Қалған 20 млн долларға жуығы Армения үлесінде.

Қазақстан Арменияға темір өнімдерін, өңделмеген алюминий, бидай ұнын, қант және кондитерлік өнімдерді тасымалдаған. Ал Армения тарапы біздің елге этил спиртін, тоңазытқыш пен мұздатқыш, электр трансформаторлары, дәрі-дәрмек сынды өнімдерін әкелген.

ҚАЗАҚСТАН-АРМЕНИЯ

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ:

2023 ж 53,1 млн доллар

2022 ж 43,1 млн доллар

Қазақстан:

• темір өнімдері (1,7 млн доллар)

• өңделмеген алюминий (0,79 млн доллар)

• бидай ұны (29,7 мың доллар)

• қант және кондитерлік өнімдер (44,1 мың доллар)

Армения:

• этил спирті (4,1 млн доллар)

• тоңазытқыш пен мұздатқыш (1,4 млн доллар)

• электр трансформаторлары (134,5 мың доллар)

• дәрі-дәрмек (0,9 млн доллар).

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу