Сахарада нөсер жауып, соңғы елу жылда болмаған су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сахарада нөсер жауып, соңғы елу жылда болмаған су басты

14.10.2024

Сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты. Марокконың оңтүстік-шығысында бір жылдық көлемнен артық жауын жауған.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы жарты ғасырда болмаған. Аумағы 9,4 млн шаршы шақырымды құрайтын Сахара әлемдегі ең ыстық шөл дала. Жауын-шашынның мұндай көп мөлшері Сахарадағы ауа райын өзгертуі мүмкін. Себебі ауада ылғал көбейсе, буланып, ол дауылдың тұруына себеп болуы ықтимал.  

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу