Батыс Қазақстан облысында «ORAL JASTARY» фестивалі жұмысшы мамандықтарын дәріптеді. Іс-шара аясындағы «Мамандығым - мақтанышым» атты көрмеде студенттер оқып-тоқыған кәсібінің қыр-сырын ұқтырып, ерекшелігін айшықтауға тырысты.
Биылғы жолдауда Президент жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды тапсырған болатын. Бұл шара да жастардың нағыз еңбек адамдарымен жақынырақ танысуына, оларды құрметтеуге бағытталды. Бес күнге созылатын фестивальда ұзын саны 10 мыңға жуық студент қамтылмақ.
Қаладағы төрт жоғары және 18 арнаулы оқу орнының жастары білім, өнер, спорт байқауларында бақ сынайды. Фестиваль студент жастарды бір арнаға тоғыстырып, мәдени, рухани дамуына, шығармашылық өсуіне сеп болмақ.
Дулат Жүсіпқалиев, Қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы:
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Соған орай біз студент жастар өз иамандығымен мақтанып және оны басқа жастардың арасында кең насихаттау, оларды дәріптеу мақсатында жасалып жатқан іс-шара.