Италияның аты аңызға айналған Ла Скала театрының әртістері Астанада өнер көрсетпек. Қыркүйектің 1-10-ы аралығында «Астана Опера» театрының сахнасында Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсы мен Бетховеннің «Тоғызыншы симфониясын» көрермен назарына ұсынады. Бүгін елордаға келген театрдың бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейра Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесті. Осыдан үш жыл бұрын «Ла Скаланың балет» труппасы Астанаға гастрольмен келген болатын. Ал, ЭКСПО көрмесі аясындағы бұл сапарында театр толық құрамда өнер көрсетпек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ