Шымкентте майнинг фермасын заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте майнинг фермасын заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды

09.10.2024

Шымкентте заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азамат 100 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Қазір күдікті деп танылғандардың қылмысы әшкереленіп, жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1 мың дана биткоин өндіру жабдығы мен заңсыз өндірілген биткоиндар тәркіленді.

Сондай-ақ қылмыскерлерді 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу