Қостанай облысында «Таза Әулиекөл» атты жүгіруден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Таза Әулиекөл» атты жүгіруден жарыс өтті

08.10.2024

Елге, жерге шынайы пайдасы тиген акциялардың бірі «Таза Қазақстан». Ерте көктемде басталған тазалық жұмыстары әлі де қарқынды жүріп жатыр. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында «Таза Әулиекөл» атты жүгіруден жарыс өтті.

Аға буын бастап, кейінгі толқын қостаған игі іске 100-ден астам адам қатысты. Бұл тек спорттық жарыс емес, тұрғындарды табиғатты қорғауға шақыратын, таза және экологиялық өмір салтын насихаттайтын шара болды. Ауданымыздағы белсенділер мен қоршаған ортаға бейжай қарай алмайтын азаматтар «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы жемісті жұмыс атқарды. Ауыл-аймақтың көркеюі мен таза болуы осындай жандардың тынымсыз еңбегінің арқасы, дейді тұрғындар.

Гауһар Шалдыбаева, Әулиекөл ауданының тұрғыны:

Күздің соңғы жылы күндері «Таза Қазақстан» жобасы аясында жүгіруден жарысқа қатысып жатырмыз. 14 пен 80 жас аралығындағылар. Бұл негізі күшті идея деп ойлаймын. Кабинетте отырмай, денсаулыққа, психологиялық жағынан да пайдалы деп ойлаймын.

Нұргүл Ахметова


Хабарламаларға жазылу