Меймандар келісім құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меймандар келісім құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді

08.10.2024
0:00:00
0:00:00

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысына келген бірқатар қатысушылармен екіжақты кездесулер өткізді.

Адамзатты алаңдатқан өзекті проблемаларды шешуде жас дін лидерлерінің әлеуетін тиімді пайдалану қазір - өзекті. Қытай буддистер қауымдастығының вице-президенті Чжэн Цэмен кездесуде тараптар осы мәселеге басымдық берді.

Ал қасиетті Тақтың дінаралық диалогы жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы Халед Акашемен кездесуде Съезд Хатшылығы мен Қасиетті Тақтың жемісті ынтымағы сөз болды. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесуде Мәулен Әшімбаев мейманды Съездің Ізгі ниет елшісі болып сайлануымен құттықтады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу