Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ агротехникалық университеттің ректоры А.Күрішбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ агротехникалық университеттің ректоры А.Күрішбаевты қабылдады

18.06.2019

Қала әкімінен бөлек, Ақордаға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев та барды. Ол Мемлекет басшысына аграрлық білім мен ғылымды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Президент университеттің қол жеткізген табыстарын жоғары бағалайтынын айтты.

 

Ректордың аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын қолдады. Кездесу соңында университет басшысына бірқатар тапсырмалар берді. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу