ЭКСПО-2017 көрмесіне 900 мыңға жуық билет сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесіне 900 мыңға жуық билет сатылды

24.04.2017

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне сатылған билет саны 900 мыңға жуықтады. Бұл туралы 3-ші халықаралық туристік конференцияда айтылды.  Қазақстанда өтетін ауқымды шараның жарнамасы қазір әлем телеарналарынан беріліп жатыр. Олардың қатарында «Евроньюс», «Дискавери», «Си-Эн-Эн», «Си-Эн-Би-Си» секілді аудиториясы ауқымды арналар бар.  Көрме жайындағы ақпараттар жазылған билбордтар Амстердам, Франкфурт, Дубай, Мәскеу секілді әлемнің жетекші әуежайларында орналастырылған. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу