Шетелдік БАҚ өкілдері: АЭС тақырыбы халыққа қызық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік БАҚ өкілдері: АЭС тақырыбы халыққа қызық

07.10.2024

Референдумда дауыс бергендердің үлесі Еуропа елдеріндегі орташа көрсеткішпен бірдей. Демек, халықтың бұл мәселеге қызығушылығы жоғары. Референдумда хабар таратқан шетелдік журналистердің пайымы осы. Айта кетейік, референдум күні әлемнің 37 елінен 200-дей шетелдік БАҚ өкілдері хабар таратты. Байқаушылармен де тілдесіп, пікірін білген. Олардың арасында былтыр өткен Парламент сайлауында болғандар да бар. 

Матиас Кохан, журналист (Венгрия):

Мен Астана мен оның маңында орналасқан ауылдағы дауыс беру учаскелерінде болдым. Меніңше, бұл референдум елдегі демкоратизация үшін өте маңызды. Қазақстан бойынша дауыс беруге келгендердің үлесі 60 пайыздан асқандығы Еуропада елдеріндегі орташа көрсеткішпен бірдей. Бұл тақырыптың халыққа қызық екенін көрсетеді.

Луай Қаддуми, журналист (Катар):

Кеше біз бірқатар дауыс беру учаскелерінде болдық. Шыны керек, бәрі ашық өтті. Ұйымдастыру деңгейі жоғары болғандықтан, Қазақстан үшін қуаныштымын. Біз бірнеше байқаушылармен сөйлестік. Олар да осыны айтып отыр. Референдумға қатысқандардың үлесі көп. Бұл халықтың тақырыпқа қызығып, шешім қабылдау процесіне қатысқысы келетінін көрсетеді.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу