Түркияда азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр

06.10.2024

Түркияның үш қаласында орналасқан референдум учаскелерінде азаматтар бүгін белсенді дауыс берді. Анкара, Стамбұл және Анталия қалаларындағы учаскелерге түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтар таң атқалы тоқтаусыз келіп, таңдау жасады. Ыстамбұл қаласындағы №387 референдум учаскесінде 1500 ден аса дауыс беруші тіркелген. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп жатқандардың басым бөлігі осында оқитын студенттер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтар. Арнайы отбасыларымен келіп дауыс бергендер де көп.

Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Отбасымызбен арнайы азаматтық борышымызды орындауға Ыстамбулдағы Бас консулдыққа келіп отырмыз. Өз даусымызды жаңа бердік. Өзім Семей өңіріндегі Қайнар ауылының тумасымын сондықтан бұл тақырып бізге өте жақын. Сол себепті Қазақстан халқы тиісті шешім қабылдап, болашағымызға жақсы әсер ететіндей дұрыс шешім қабылдайды деп пайымдаймын.

Гүлнұр Қайырғалиева, Қазақстан азаматы:

Қазақстаннан шалғайда жүрсек те қазір Ыстамбул қаласына жұмыстармен келген едік. Азаматтық борыштың аты азаматтық борыш қой, мойнымыздан түспейді қай жақта жүрсек те. Сол үшін үлгерейік деп кеш болса да косулдықтың инстаграмдағы парақшасына кіріп барынша үлгеруге тырыстық.


Хабарламаларға жазылу