Түркістан облысында референдум күні 107 сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында референдум күні 107 сәби дүниеге келді

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Түркістан облысында референдум күні 107 сәби дүниеге келді. Өмірге жаңадан келген нәрестелердің 60-ы қыз бала болса, 47-сі – ұл. Арасында бір егіз де бар. Сәбилердің салмағы жағынан ең ірісі – 4,3 келі, ең кішкентайы – 2,5 келі.

Түркістан қаласындағы перинаталдық орталықтың дәрігерлері жаңадан босанған аналардың жалпы жағдайы жақсы, деп отыр. Оларға қажетті медициналық көмектер көрсетіліп, ерекше күтім жасалған. Кейбіріне серіктес болып кірген туыстары қолғабыс етуде. Бүгін босанғандардың бірі - Әсем Берденова бұл күні дүниеге ұл баланы әкелді.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу