Референдумда заң бұзушылық болған жоқ. Түркі мемлекеттер ұйымының миссия басшысы Сади Джафаров осылай деді. Ұйым оннан астам дауыс беру учаскескілерінің жұмысын қадағалаған. Байқау жұмыстары әлі де жалғаспақ.
Сади Джафаров, Түркі мемлекеттері ұйымының миссия басшысы:
17 дауыс беру учаскесінде болдық. Референдум ашық жүргізіліп жатыр. Ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Байқауды жалғастырамыз. Ертеңгі брифингте оның толық қорытындысын ұсынамыз.
Темірлан Нұрсолтан