Қазақстанда 2 млн 300 мың салық төлеуші бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2 млн 300 мың салық төлеуші бар

18.11.2023

Қазақстанда 2 млн 300 мың салық төлеуші бар. Солардың ішінен үздік деген 20-сы марапатталды. Мемлекеттік кірістер комитеті, елімізде салығын уақытылы өтейтін азаматтар аз емес дейді. Десек те, 79 мыңға жуық адам салық төлеуден жалтарып жүрген көрінеді. Олардың мемлекет алдындағы жалпы қарызы 543 млрд теңгеден асқан.

Жандос Дүйсембиев, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

Конкурстың негізгі талаптары, салық тәртібін қарадық. Және фискалдық мониторинг бойынша бұзушылық болды ма, болмады ма, соны қарадық. Әлеуметтік қоғамға қосқан үлестері маңызды болды. Біздің азаматтарға жаңа жұмыс орындарын жасауын қарадық. Құқық бұзушылық болды ма, болмады ма, соны қарадық.

Тәуір Бозекен


Хабарламаларға жазылу