Ақылы автотұрақ ақысы қайда кетіп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы автотұрақ ақысы қайда кетіп жатыр?

06.10.2024

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі Тенгриньюс порталына Мұрат Боранбаев деген кәсіпкерді әлі таппай отырғандарын айтыпты. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевтың бауыры 2022 жылы шілде айында Алматыдағы ақылы тұрақтар маңындағы махинацияға байланысты күдікке ілінген.

Халықаралық іздеу жарияланған ол, ақылы тұрақтарға орай қозғалған істе «басты фигурант әрі қылмысты ұйымдастырушы» және мемлекет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деп сипатталған еді.

Алматыдағы ақылы тұрақтарға орай сотталғандар бар: Базарбаев деген 5 жылға, Прінбеков деген 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Олар мемлекетке келтірген шығынды өтеді деген ақпарат шықан: 436 млн теңге қайтарыпты.

Осы аптада ақылы тұрақ мәселесі Мәжілісте көтерілді. Депутат Асхат Аймағамбетов тұрақтардан түсетін табыстың 90 пайызы бюджетке аударылуы тиіс, - деді. Ал қазір жартысы да емес, 30 проценті ғана түседі. 70 пайызы жеке компаниялардың қалтасына кетеді. Сондықтан заңға тиісті түзетулер енгізу жоспары бар. Астанада тіпті 25 пайыз екен.

Шынымен де ақылы тұрақтардан қанша алым түседі және ақылы тұрақтар иелерінің өздері нақты қанша теңге пайда көріп отыр, осы? Ал ең басты сауал - көп қаржы салмайтын, соншама инвестиция құймайтын нарық неге жекеменшікке беріледі? Логикасын Амангелді Сейітхан іздеп көрді.


Хабарламаларға жазылу