Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ ақысы екі есеге қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ ақысы екі есеге қымбаттайды

26.07.2023

Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ ақысы екі есеге қымбаттамақ. Бұл өзгеріс 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Яғни, бұрын 100 теңге болған тұрақ, 200 теңге, сағатына 50 теңге болған аумақтар 100 теңгеге өспек. Ал жолаушы түсіру немесе отырғызу үшін 300 теңге төлеу міндеттелмек. Әуежай бағаның өсуін коммуналдық тарифтердің көтерілуімен байланыстырып отыр. 

Шерхан Жамбылұлы



Хабарламаларға жазылу