Электораттың жартысынан көбі таңдау жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электораттың жартысынан көбі таңдау жасады

06.10.2024

Референдумда дауыс беруге құқылы электораттың жартысынан көбі таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты. Қоғамдық науқанның өту барысы туралы толығырақ студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтады.

Асылбек Данияр, тілші:

Орталық референдум комиссиясы ұсынған дерек бойынша дауыс берушілердің 51,77 пайызы таңдау жасады.«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп саналады, деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Өңірлер бойынша Түркістан облысы алда, электораттың 67,38 пайызы дауыс берген. Одан кейін 64,38 процентпен Шымкент қаласы. Белсенділік бойынша үшінші болып тұрған Қостанай облысы. Мұндағы халықтың 61,54 пайызы таңдау жасапты. Ал, Алматы қаласы 16,91 процентпен соңғы сатыда. Дауыс беру сағат сегізге дейін жалғасады. Орталық референдум комиссиясы қоғамдық науқанның нәтижесін дауыс берген күнінен бастап 7 күн ішінде жариялайтынын еске сала кетейін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу