Алматыда референдумды байқаушылар мектебі әзірлеген мамандар қадағалап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда референдумды байқаушылар мектебі әзірлеген мамандар қадағалап отыр

06.10.2024

Алматыдағы референдум барысын Байқаушылар мектебі әзірлеген 3 мың 340 маман қадағалап отыр.

Мамандардың басты мақсаты – құқық бұзушылыққа жол бермей, референдумда ереже бұзылмауын қадағалау. Олардың құрамында әртүрлі жастағы азаматтар бар. Басым көпшілігі – жастар, қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген кәсіби білікті мамандар, дейді Байқаушылар мектебінің басшысы.

Александр Братенков, байқаушылар мектебінің басшысы:

Барлық бақылаушылар дауыс беру процесін назарда ұстап отырады. Олар кедергі келтіретін кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеуі керек. Біз заң аясында әрекет етуді үйретеміз. Сондай-ақ, дауыс берушілер арасында қандай да бір қиындық туындаса бақылаушылар сауатты кеңес беруі керек.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу