Алматыда 96 курсант алғаш рет дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 96 курсант алғаш рет дауыс берді

06.10.2024

Ел өркендеуі үшін азаматтық белсенділік танытқан жөн. Өйткені, мемлекет болашығы - өз қолымызда. Осылай деген алматылық әскерилер де өз таңдауын жасады. Қазір әріптесім Айдана Қуантхан тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Айдана, қайырлы таң! Бүгін қанша курсант алғаш рет дауыс берді?

Айдана Қуантхан, тілші:

Қазір біз №143 жабық учаскесінде тұрмыз. Сайдың тасындай іріктелген болашақ офицерлер таңмен таласа белсенді. Барлығы сап түзеп, кезек кезегімен дауыс беріп жатыр. Әсіресе, әскери институтқа биыл оқуға түскен 96 курсант алғаш рет өз таңдауын жасады. Олардың барлығы - жақында ғана кәмелет жасқа толғандар. Қазір менің қасымда сондай сарбаздың бірі тұр.

Мирас Әбсалық, курсант:

Мен үшін ерекше күн. Алғаш рет дауыс беріп, осылай ел болашағы үшін, оның келешегі үшін, оның дамуы үшін жасалған референдумда дауыс бергенім үшін қуаныштымын. Бұл ҚР дамуына, оның экономикалық өсуіне, оның ары қарай өркендеуіне жасалған үлкен қадамдардың бірі деп білемін. Сондықтан, осылай азаматтық борышымды өтеп дауыс бергеніме қуаныштымын.

Айдана Қуантхан, тілші:

Еске сала кетейік, Алматыда жалпы 624 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 75-і жабық, яғни осындай әскери оқу орындарында, ауруханаларда орналасқан. Біз тұрған әскери институтта дауыс беруге құқығы бар 580 қызметкер өз таңдауын жасады. Әзірге ақпарат осы.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу