Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлер марапатталды

19.11.2019

Алматыда үздік кәсіпкерлер алғаш рет «О́zgeris Ustasy» республикалық сыйлығымен марапатталды.

Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдар арасында өткен байқауға түрлі саладағы бизнес бастамалар ұсынылған. Олардың ішінде экология, білім саласына пайдалы жобалар мен мүгедек жандарға көмектескендер бар.

Сараптау комиссиясы 40-тан астам ұйым ішінен 15 үміткерді таңдады. Одан кейін халық жеңімпаздарға онлайн түрде дауыс берді. Осының нәтижесінде әлеуметтік кәсіпкерлер 10-нан астам номинация бойынша жүлдегер атанды. Жеңімпаздарға 500 мың теңге сыйлық табыс етілді.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу