Қасым-Жомарт Тоқаев IACA президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев IACA президентін қабылдады

04.10.2024

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады. Судьялардың IX съезі алаңындағы жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті. Сонымен бірге сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызы сөз болды. Мемлекет басшысы арадағы ықпалдастық саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді. Ал Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу