Президент Қ.Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қ.Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барды

11.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Гейдар Әлиев атындағы әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қарсы алды. Кейін мемлекет басшысы Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды.

Мұнда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қарауыл, оркестр. Халықаралық протоколға сай, бұл үлкен құрметтің белгісі. Ал Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу