ТМД мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақ артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақ артады

04.10.2024
0:00:00
0:00:00

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын атап өтті. Мемлекет басшысы шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу