Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақ артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақ артады

18.03.2021

Қазақстан мен Қытай арасында парламентаралық диалог жанданып, екі елдің ынтымағы арта түспек. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қытайлық әріптесі Ли Чжаньшумен бейнеконференция форматында өткен кездесуде осы бағытта келіссөз жүргізді. Мақсат – екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыру. Әсіресе, экономиканы цифрландыру, «Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламаларын ұштастыру, Денсаулық сақтау сынды бірқатар өзекті мәселелерге екпін қойылды. Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктес болуына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ал, екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары барысында белгіленін атап өтті. Өз кезегінде Ли Чжаньшу Қазақ елі әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіретініне сенім білдірді.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу