АҚШ-та дауылдан қаза тапқандар саны 180-нен асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та дауылдан қаза тапқандар саны 180-нен асты

03.10.2024

АҚШ-та «Хелен» дауылынан қаза тапқандардың саны 180 адамнан асты. Бірақ, қаралы тізім мұынымен шектелмесі анық,- дейді құтқарушылар. Себебі, хабар ошарсыз кеткен жүздеген адам әлі табылмай жатыр. Ал, апат болған аймақтарға арнайы барған ел президенті көмекке әскер жұмылдыратынын мәлімдеді.

Сұрапыл дауыл бір аптаның ішінде оңтүстік шығыс аймақтағы штаттарды астаң кестең қылды. Қоршаған ортаға және инфрақұрлымға келген шығын шаш етектен. Каролина мен Джорджияда бір милионнан аса тұрғын әлі күнге дейін сусыз, ұялы байланыссыз және электр қуатынсыз отыр. Ал, қаза тапқандар саны сәт санап өсіп жатыр. Ақ үй басшылары бүгін ғана дауыл жүріп өткен аймақтарға келіп, қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.

Камала Харрис, АҚШ вице-президенті, президенттіктен үміткер:

«Өңір тұрғындарына айтарым – біз осында сіздермен біргеміз. Қиын сәтте жалғыз тастамаймыз. Алдағы күндері, апталар мен айларда атқарар тиіс жұмыстар көп. Тұрығындар отбасымен қайта табысып, шағын аудандар қайта қалыпына келгенше осында боламыз.

Хабар-ошарсыз кеткен жүздеген адам әлі табылмай жатыр. Оларды іздеу көпірлердің қирап, тас жолдарды тасқын судың шайып кетуі себепті оңай болмай тұр. Жалпы, байланыстың үзілуінен мыңдаған адам үйлерінен шыға алмай қалды. Бірақ, еріктілер ебін тауып, мұқтаж тұрғындарға керек-жарақты атпен жеткізуге кірісті. Мәселен, Солтүстік Каролина тауында тұрып жатқан мына қарияларға инсулинін сақтау үшін мұз әкеліп берді.

Апаттан зардап шеккен аймақтарды тік ұшақпен көктен шолып шыққан Джо Байден дауылдың салдарын жою үшін әскер жіберетінін айтты. Әзірге мың сарбаз аттандырмақ. Әскерилер азық-түлік, су және басқа да қажетті заттарды жеткізуге көмектеседі. Ақ үй басшысы ғаламдық жылынудың кесірінен мұндай апаттар жиілемесе азаймайды,- деп отыр.

Джо Байден, АҚШ президенті:

«Климаттық дағдарыстың әсерін ешкім жоққа шығара алмайды. Оны миы өліп қалған адам ғана мойындамайтын шығар. Ғалымдар мұхиттардың жылынуымен Хеленнен де өткен сұрапыл дауылдар көбейе түскенін айтады. Бүгін Солтүстік Каролинада мен соның әсерін көрдім. Ағаштар жаппай тамырымен жұлынып, үйлер іргетасымен бірге қопарылып қалды».

Бір апта бұрын басталған дауыл толастамай тұр. Сондықтан одан келер қауіп әлі де сейілген жоқ,- дейді мамандар. Десе де қазірдің өзінде Хелен елдегі соңғы елу жылдағы ең көп өлімге әкелген дауыл болып отыр. Естеріңізге сала кейік, 2005 жылы АҚШ тарихындағы ең жойқын Катрина дауылы мың төрт жүзге жуық адамның өмірін қиған еді.


Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу