Көкшетау қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғылары орнатылып жатыр. Ол пештен шыққан улы заттардың қоспасы мөлшерден асқанда іске қосылып, дыбыстық белгі береді. Осылайша оқыс оқиғалардың алдын алады.
Былтыр өңірдегі үйлерге дәл осындай екі мыңға жуық құрылғы орнатылса, биыл тағы 1 700-ден астам баспана қамтылмақ. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға мұржаларды тазалау бойынша да көмек көрсетіп жатыр. Былтыр жылу маусымы уақытында өңірде 324 өрт оқиғасы тіркеліп, 16 адам қайтыс болған.
Гүлнәзия Ахметова, қала тұрғыны:
Менде бес балам бар. Жер үйде тұрып жатырмыз. Қорқамыз, әрине. Қазір қыс келе жатыр. Пеш жағылады. От жағылады. Датчиктер қойып жатыр. Осыған өте ризамын.
Ұмсындық Наурызбаева