Ақтөбе жастары арасында реалити шоу ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе жастары арасында реалити шоу ұйымдастырылды

03.10.2024

Ақтөбеде «Жастар лайф» реалити шоуы ұйымдастырылды. Оған әртүрлі мекемелерде қызмет істейтін 34 жасқа дейінгі мамандар қатысып жатыр. 

Бұл жоба былтыр да өткен еді. Ол кезде тек қыздар қатысты. Ал бұл жолы түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған жігіттер келген. Олар қаруды бұзып, қайта жинауда кім мықты екенін анықтады. Одан кейін түрлі спорттық сайыстарда бақ сынады. Жарыс төрт кезең бойынша өтіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Жобаның басты мақсатының бірі – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. 

Григорий Семенко, жарысқа қатысушы:

Өзім өзге ұлт болғаныммен, қазақша кішкене оңайырақ орысшаға қарағанда. Өзімді спорт жағынан тексеру. Басқалармен жарыс болып жатыр ғой, өзімнің қандай деңгейде екенімді тексеру үшін қатысып жатырмын.

Жақсыбек Кемал 


Хабарламаларға жазылу