Елімізде ақылы автотұрақтардың бағасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзінше тұрақ ақысы күні бойы әртүрлі болуы тиіс. Яғни күндіз арзандау, ал таңғы және кешкі қарбалас кезінде керісінше қымбатырақ болуы керек. Әрі тұрақтардан түсетін табыстың 90 пайызы бюджетке аударылуы тиіс, - дейді ол.
Ал қазір бұл көрсеткіш небары 30 процент. Қалған 70 пайызы жеке компанияның қалтасына кетуде. Сондықтан заңға тиісті түзетулер әзірленіп жатыр, - дейді депутат.
Досжан Маратұлы